14
қараша
2024
«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ»
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты "Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 2 желтоқсан күні «Тәуелсіздік – тұғырым» атты он күндіктің ашылу салтанаты ерекше рухани көтеріңкілікпен өтті. Іс-шара мектеп дәлізінде ұйымдастырылып, оған мектеп қызметкерлері, ұстаздар және оқушылар белсене қатысты.
Салтанатты шара барысында еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен құндылықтары туралы әңгіме қозғалды. Қатысушыларға тарихи, патриоттық және танымдық бағыттағы сұрақтар қойылып, қызықты пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу болды. Он күндіктің аясында осындай мазмұнды және тәрбиелік мәні зор шаралар жалғасын табатын болады.
