17
желтоқсан
2024
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты "Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 3 желтоқсан күні кітапхана меңгерушілері М.Садыкова мен А.Базарбекованың ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша ерекше әдеби кеш ұйымдастырылып, көркем кітап көрмесі өтті.Кештің басты мақсаты – оқушылардың рухани құндылықтарын арттырып, Тәуелсіздік тарихын тереңірек таныту, әдебиетке деген
қызығушылығын ояту. Әдеби кеш барысында жас оқырмандар қазақтың ұлы ақын-жазушыларының шығармаларын, өлеңдерін оқып және суреттер салып, тәуелсіздіктің маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде оқушылар Қазақстан тарихына, ұлттық дәстүрлерге және мәдениетке қатысты кітаптармен танысты. Бұл көрме оқушылардың әдеби білімін кеңейтіп, кітап оқуға деген ынтасын оятты.Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар Тәуелсіздіктің құндылығы туралы пікір алмасып, ел болашағы үшін маңыздылығын тағы бір мәрте ұғынды. Әдеби кеш қатысушылардың жүрегінде патриоттық сезімді оятып, тәуелсіз елдің азаматтары екеніне мақтаныш сезімін ұялатты.
Бұл шара – тәуелсіздікті қадірлеп, жас ұрпақты рухани тұрғыда тәрбиелеудің жарқын үлгісі болды.