09
желтоқсан
2024
«Абай әлемі» Абай өлеңдерін жатқа айту челленджі
«Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Хаттама
07.11.2024ж
«Абай әлемі» Абай өлеңдерін жатқа айту челленджі
Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты “Абай атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Игі істер марафоны» жобасы аясында ұйымдастырылған мейірімділік апталығының жоспарына сай арнайы педагог Жақсылық Гулжанаттың жетекшілігімен 4 - сынып оқушылары арасында «Абай өлеңдерін жатқа айту» челленджі ұйымдастырылды.
Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы. Осыған орай мектеп мұғалімдер арасында «Абай әлемі» тақырыбында челлендж өткізілді. Челендждың өтудегі басты мақсаты: Ұлы ақын шығармаларын талдай отырып, Абайды жан-жақты таныту және оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір — қасиетін ұғындыру болып табылды.
Челлендж Абай өмірімен, шығармаларын таныстырып , кіріспе сөзбен ашып берілді. Кіріспе сөзден соң оқушылар Абайдың қара сөздерімен, өлеңдерін жатқа айтып, өз ойларымен толықтырып өтті. Оқушылар хормен «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін айтты
Арнайы педагог: Г.Жақсылық