11
желтоқсан
2024
«Анашым, ұмытпаңыз» тренинг
«Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Хаттама
06.11.2024ж
«Анашым, ұмытпаңыз» тренинг
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата – ананың,соның ішінде ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.
Жалпы тренинг барысында «Жанұя бақыты» және «Диаграмма құрастыру» жаттығулары өткізілді.Бұл жаттығулардың негізгі мақсаты ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Тренингті қортындылай келе отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын жасадық.Ата-аналар бір-біріне тілек айтып, шамды бере отырып кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларын ортаға тастады.
Арнайы педагог: Г.Жақсылық