Сауырбаева Гульмира Каналбайқызы » «Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп-гимназия»
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
«Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 949-79-02
Есепші бөлімі:
+7(702) 833-33-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
маусым
2024

Сауырбаева Гульмира Каналбайқызы

  Сауырбаева Гульмира Каналбайқызы Оңтүстік Қазақстан облысы . Жетісай ауданы Алғабас ауылында 1967 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын 1989 жылы тарих және педагогика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты,  ҚРБ және ҒМ алғыс хатпен, 2022 жылы желтоқсан айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың   алғыс хатымен,Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы Д.Болатханұлының алғыс хатымен, ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы, Ректор, ҰҒА академигі А.Күрішбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

    Еңбек жолы 1989 жылы Жетісай қаласы пионерлер үйі Қызыл ізшілер үйірме жетекшілігінен басталады.1989-1990 жылы ВЛКСМ комитеті филиалы комитеті сектор меңгерушісі болдым. 1992 жылы Жетісай педагогика колледжінің Қоғамтану кафедра меңгерушісі, 1998 Агу асперантурасын бітіріп, философия ғылымдарының кандидаты атағын алған . 2000 жылы “Сырдария” университеті “Педагогика және психология” кафедра меңгерушісі, 2002 жылы “Сырдария” университеті “Тарих және қоғамдық пәндер” кафедра меңгерушісі, 2002 қыркүйек айынан бастап Мақтарал ауданы Үлгілі ауылы әкімшілігіне қарасты Қ.Қайсенов атындағы орта мектеп директоры, 2004 жылы қыркүйек айынан бастап Қазыбек би а/о орналасқан №8 Н.Оңдасынов атындағы орта мектеп директоры, 2007 жылы Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары, 2009 жылы ҰБТ орталығының төрайымы, 2010 жылы тамызда Мақтарал ауданы әкімінің кеңесшісі, 2010 жылы тамыз-қыркүйек аралығында Жетісай қаласы №122 мектеп директоры, 2010 жылы қыркүйек айынан бастап Мақтарал ауданы Асық ата кенті №121 мектеп директоры, 2013-2022 жылдар аралығында Жетісай қаласы “№5 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап, қазіргі таңда “Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқаруда. Сонымен қатар аудандық саяси кеңес бюро мүшесі және Жетісай аудандық білім бөлімінің алқа мүшесі.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив