10
желтоқсан
2024
«ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР - МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ»
«ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР - МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ»
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 8 қараша күні кәсіптік бағдар беруші пед
агог Срайл Диананың ұйымдастыруымен кәсіби жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу өткізді.
агог Срайл Диананың ұйымдастыруымен кәсіби жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу өткізді. Қатысушылар:
1. Мектеп директоры: Сауырбаева Гүлмира Каналбайқызы
2. Жетісай қаласының әкімі Бахтияров Нұрлыбек Пердебекович
3. Көкпардан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Екі дүркін әлем чемпионы. «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығының иегері Нышанбеков Абылайхан Шаймерденұлы
4. Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледжінің жоғары санатты ұстазы педагог психолог, Жетісай қалалық әжелер алқасының төрайымы Абилкасымова Клара Керімханқызы
5. Ардагер ұстаз, Жетісай қалалық әжелер алқасының белсенді мүшесі Тастимирова Қарсыгүл Тұрсынқызы
Мақсаты: Оқушыларға кәсіби жетістіктің мәнін түсіндіру, ауданымыздың жетістіктерін дәріптеу, елге елеулі тұлғаларды үлгі етіп көрсету арқылы болашаққа кәсіби бағыт-бағдар беру.
9,11 сынып оқушыларымен мектеп қабырғасында, ауданымызға және елімізге танымал кәсіби жетістікке жеткен тұлғалармен оқушылардың еркін форматтағы кездесуі өтті. Бұл шара кәсіптік бағдар беру аясында ұйымдастырылды және оқушыларға әртүрлі мамандықтар жайлы ақпарат алып, болашақ мамандықтарын таңдауға септігін тигізуге бағытталды.
Кездесу барысында қонақтар өздерінің кәсіби жолындағы жетістіктері, кездескен қиындықтары және жеңіп шыққан кедергілері туралы айтып берді. Әртүрлі салаларда еңбек етіп жүрген меймандар оқушыларға өз салаларының ерекшеліктері мен болашағы туралы жан-жақты түсіндіріп, өз ісіне деген сүйіспеншілік пен табандылықтың маңыздылығын атап өтті.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақтармен еркін әңгіме жүргізді. Кездесу барысында алған білімдері мен кеңестері жасөспірімдерге болашақта дұрыс таңдау жасауға көмек беретіні сөзсіз.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың мақсаттарын айқындауға және өз-өздеріне сенімді болуға жол ашып, өмірлік таңдауларында бағдар береді. Кәсіби бағыт беру шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
ДТЖЖО-лары Б.Абдиев, А.Сарыбаева