БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ » «Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп-гимназия»
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
«Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 949-79-02
Есепші бөлімі:
+7(702) 833-33-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қараша
2024

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 23 желтоқсан күні мектептің 55 жылдық мерейтойы аясында "Білім мен тәрбие – болашақтың жарқын жолы" тақырыбында аудандық семинар өтті. Бұл іс-шара білім беру саласындағы жетістіктерімізді саралап, жас ұрпақты тәрбиелеуде жинақталған тәжірибемізбен бөлісетін маңызды алаңға айналды.
Семинарға аудандық білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары, мұғалімдер, сондай-ақ ардагер ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында мектептің тарихы мен бүгінгі жетістіктері баяндалып, заманауи білім беру үрдістері мен әдіс-тәсілдері талқыланды.
Семинар бағдарламасында төмендегідей негізгі шаралар өткізілді:
Озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу мақсатында  «Мектептің 55 жылдық жетістіктері мен болашаққа қадам»  тақырыбында Г.Лаханова, С.Шайғазина және А.Далабаевалар 9 “А” сынып оқушылары және ардагер ұстаздармен дөңгелек үстел, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 4 «А», 
6 «А», 7«А» сыныптарына Ж.Бакирамова, Р.Ажимова, Қ.Асанова «Мектеп тарихы-ел тарихының бір бөлшегі», «Мектебім-мақтанышым», «Мектебім-мейірім мекенім» тақырыптарында тәрбие сағаттары, Ж.Меңлібаева көркем еңбек пәні мұғалімдеріне  шеберлік сынып, кәсіптік бағдар педагогы Д.Срайл 11 сынып оқушыларымен «Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық викторина және мектеп педагог-психологы Г.Айғабылова «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек» тренинг өткізді.
Мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің шығармашылық және ғылыми жұмыстары ұсынылған көрме ұйымдастырылды.
Ардагер ұстаздарды марапаттау: Білім беру саласына қосқан үлесі үшін ардагер ұстаздарға сыйлықтар табысталды.
Семинар соңында қатысушылар ашық пікір алмасып, білім беру сапасын арттыру және тәрбие жұмысының тиімділігін күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірледі.
Бұл семинар мектеп ұжымы мен аудан тұрғындары үшін ерекше мерейтойлық шара болып, білім мен тәрбие жолындағы болашақ қадамдарға серпін берді.
55 жылдық тарих – жаңа белестерге жол ашады!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив