18
желтоқсан
2024
Тарихымыз
Тарихы терең білім ордасы
Мектеп – парасат пен кемелдікке бастайтын қақпа. Мектеп – ертең мен бүгінді жалғайтын білім ошағы, сәулелі болашаққа апарар кеме. Елімізде қазіргі таңда есепсіз білім ордалары салынып, ұрпаққа жаңаша бағытта білім таратуға атсалысу үстінде. Жетісай өңірі ерте кезден-ақ ағартушылық бағытқа шындап ден қойған өңір. Оған куә – Абай атындағы №4 мектеп-гимназиясы.
Тарихы ертеден тамыр тартқан білім ошағының алғашқы іргетасы 1969 жылы қаланған. Жетісай қаласына іргелес «Қызыл жұлдыз» кеңшарында салынған бұл мектепте кеңшарда жұмыс істейтін отбасылардың ғана емес, қалада тұратын отбасылардың балалары да оқыған. КСРО ыдырай бастаған тұста, яғни 1990 жылы таза қазақ тілінде білім беретін мектепке айналған бұл білім нысаны кейіннен «Қызыл жұлдыз» кеңшары таратылған соң Жетісай қаласының балансына берілген.
1969-1971 жылдары мектептің тұңғыш директоры Мәжіт Әбішов болса, әр жылдары мектепті Ұлы Отан соғысы ардагері Әбдіқадыр Құлбаев, Мырсадық Әбуталипов, Қоныс Пірімбеков, Әлібек Тұрғанбеков, Кенжегүл Жантөреева, Гүлнар Донбаева сынды тұлғалар басқарған.
Сонымен қатар іргесі қаланғаннан бері мектепте еңбек еткен КСРО мұғалімдер сьезінің делегаты Шарипа Бержанова, Қазақ КСР оқу ісінің үздігі Несіпкүл Әліпова, Матай Сариев, Маңытай Анарбеков, Сабира Берікбаева, Әтіркүл Әлімбетова, Ырғал Борашева сынды ұлғатты ұстаздар шәкірттерінің санасына білім нәрін сіңірген.
55 жыл ішінде білім ошағынан небір шоқтығы биік азамат түлеп ұшқан. Олардың қатарында ғылым кандидаттары, кәсіпкер-меценаттар, журналистер, өнер майталмандары, спорт сайыпқырандары, мемлекеттік қызметкерлер және басқа да түрлі саланың білікті мамандары бар.
Мысалы, Жетісай ауданының бұрынғы әкімі Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев – мектептің ең алғашқы түлектерінің бірі.
Сондай-ақ Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Пердебекұлы Бахтияров та – Абай атындағы №4 мектептің түлегі.
Мектеп түлектерінің бірі кәсіпкер, мектеп демеушісі Бахаридин Аблазимов өзінің туған жері Жетісай қаласын дамытуға миллиардтаған қаржы бөлген. Өзі оқыған мектепке де демеушілік жасаған.
Сонымен қатар мектеп түлектері Нұрғали Ермахан Бақытұлы, Серік Рахимов сынды кәсіпкерлер де өздері оқыған білім ошағына демеушілік көрсеткен.
Мектептен шыққан 9 ғылым кандидатының бірі – Төлеген Тәжібаев. Ол Ресей ғылым академиясы ұйымдастырған ТМД мемлекеттерінің жас ғалымдар сайысында Ресей ғылым академиясының Үлкен Алтын медалін жеңіп алып, ең жас ғалым атанған.
Мектепті 2012 жылы бітірген шабандоз Абылайхан Нышанбеков көкпардан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы, «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығының иегері.
Елімізге белгілі журналист, Қазақ радиосының жүргізушісі Мәдина Махамбет те №4 мектептің түлегі екенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ мектебімізден күміс көмей әншілер де, республикалық байқаулардың лауреаттары да шыққан.
2013 жылы аталған білім ордасына гимназия мәртебесі берілген. 2023 жылдан бері Гүлмира Каналбайқызы Сауырбаева басшылық ететін Абай атындағы №4 мектеп-гимназиясында бүгінде 100-ге дуық педагог қызмет атқарады, 976 оқушы білім алады.
536 оқушыға арналған екі қабатты, екі ғимаратта акт залы, спорт залы, мектеп асханасы және оқу шеберханасы, жаңа технологиямен жабдықталған пән кабинеттері және басқа да оқу-тәрбие жұмыстарына арналған қосалқы орындар қарастырылған. 3,5 гектар болатын мектеп ауласында көгалдандырылған жер телімі, спорт алаңы сияқты және басқа да бастауыш сынып оқушыларына арналған спорт алаңы бар.
Арғы-бергі тарихында Абай атындағы №4 мектеп-гимназиясының желеу етер жетістіктері аз емес. Мысалы, 1994 жылдың сәуір айында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері, ата-аналар мен түлектердің демеушілігінің арқасында Абайдың 150 жылдық мерекесі қарсаңында мектепте аудандық ғылыми практикалық конференция өткізілсе, 1995 жылдың мамыр айында Абайдың 150 жылдығы кең көлемде аталып, іс-шараға көрші Өзбекстан елінен және облыс көлеміндегі лауазымды тұлғалар, Ұлы Отан соғысының ардагердері қатысқан.
Сондай-ақ мектепішілік және сыныптан тыс жұмыстар да үздіксіз өткізіліп тұрады. Атап айтқанда өнерпаздар сайысы, «Зерделі Зере», «Ұлағатты Ұлжан», «Парасатты Айгерім», «Тоғжан сұлу», «Жігіт сұлтаны» сияқты сайыстар ұйымдастырылып, оған оқушылар белсенді түрде қатысады.
Құрметті әріптестер! «Білім мен тәрбие – болашақтың жарқын жолы» атты Абай атындағы №4 мектептің 55 жылдығына арналған аудандық семинарға қош келдіңіздер! Алдыңғы аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыра отырып, білім беру ісінде атқарып жүрген еңбектеріңіз жемісті болсын!