20
қыркүйек
2024
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ - БЕТБҰРЫС
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ - БЕТБҰРЫС
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты "Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 06 қараша күні 8 «А» сынып оқушылары ашық тәрбие сабағын өтті. Ұйымдастырушы сынып жетекшісі Тастанбекова Бағлан.
Сабақтың мақсаты – қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, патриотизм, жауапкершілік, ұлттық сана-сезім тәрбиелеу және оларға қоғамның мәдени-адамгершілік құндылықтарын сіңіру арқылы жаңа бағыттағы тәрбие беру болды. Сабақта ұлттық құндылықтарды құрметтеу, достық, бірлік және өзара сыйластық орнату міндеттер талқыланды.
Қатысушылар:
1. Мектеп директоры: Г.Сауырбаева
2. Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері
3. Әкелер кеңесінің төрағасы Т.Акбазов
4. 1-11 сынып аралығындағы оқушылардың ата-аналары
Сабақ барысында оқушыларға рухани тәрбиенің негізгі мәселелері мен жаңа әдістері туралы мәлімет берілді. Әңгімелесу, пікір алмасу және практикалық тапсырмалар арқылы балалар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты. Бейнероликтер мен слайд-шоулар қолданыла отырып, интерактивті әдістердің көмегімен тәрбиенің маңыздылығы жан-жақты қарастырылды.
Қорытындысында оқушылар рухани құндылықтардың мәнін түсініп, қазіргі қоғамдағы тәрбие әдістерінің жаңаша бетбұрысы туралы ақпарат алды. Ашық сабаққа қатысушылар; мектеп директоры Г.Сауырбаева және Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері сөз алып бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, өз пікірлерін ортаға салды. Ұлттық тәрбие мен мәдени құндылықтарды дәріптеу жұмыстары сәтті жүзеге асып, оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға үлкен әсер етті.
ДТЖЖО-лары Б.Абдиев, А.Сарыбаева

