БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ » «Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп-гимназия»
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
«Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 949-79-02
Есепші бөлімі:
+7(702) 833-33-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
желтоқсан
2024

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты "Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 15 қазан күні мектебімізде ұлдар арасында өткізілген жиналыс ерекше маңызға ие болды. Бұл жиналысты мектептің әкелер кеңесінің төрағасы ұйымдастырып, жас ұландарға маңызды тақырыптарда әңгіме қозғады. Жиналыстың басты мақсаты – жасөспірімдердің дұрыс бағытта қалыптасуына ықпал ету, азаматтық жауапкершілік пен ер мінезділік қағидаларын түсіндіру болды.
       Әкелер кеңесінің төрағасы ұлдарға үлгі боларлық әңгімелер айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы ұлдардың рөліне тоқталып, олардың алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті. Әрбір қатысушы өзін ер азамат ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды кеңестер алды.
       Сонымен қатар, жиналыс барысында ұлдарға мектептегі тәртіп, білімге деген жауапкершілік, спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтылды. Әкелер кеңесінің мүшелері оқушыларды өзара сыйластық, ынтымақтастық пен өздерін жақсы жағынан көрсетуді үгіттеді.
Бұл жиналыс оқушылар үшін терең мағынаға ие болып, олардың болашақтағы мақсаттарын айқындауға үлкен септігін тигізді.
ДТЖО Б.Абдиев.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив