06
қараша
2024
"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!"
"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!"
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты "Абай атындағы N4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 10 қыркүйек күні Жетісай АПБ-нің ЖПҚ КТІЖ УПИ полиция капитаны Д.Жамшиев және Жетісай АПБ-нің ЖПҚ ППТ аға инспекторы полиция майоры Б.Абдуллаев «Абайланыз балалар!" тақырыбында мектеп оқушыларына баяндама оқып, жол ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Сарыбаева оқушыларға "өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережесіне бағыну керек. Көше тәртібін сақтау - сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін естен шығармау керектігін айтып өтті. 

«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында мектебімізде жыл сайын өткізіліп тұрады және оның басты мақсаты — балалардың жолда қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жол қозғалысының маңызды аспектілері туралы түсінігін арттыру.
ДТЖО: А.Сарыбаева