13
қараша
2024
ҰСТАЗ - ҰЛЫ ТҰЛҒА
ҰСТАЗ - ҰЛЫ ТҰЛҒА
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы №4 Абай атындағы мектеп-гимназиясының
4 «Б» сынып жетекшісі Рысмаханова Қыздығой Дүйсенбековна оқушыларына «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Ұстаздар күніне орай өткізілген тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстаздарды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу болып табылады. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Олай дейтініміз, ел билеген парасатты патшаның да, дүлдүл ақынның да, ержүрек батырдың да өз ұстазы болғаны анық. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгерші
лік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам ол- мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Ұстаздар мерекесі құтты болсын!