12
қараша
2024
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-тің алдын алу күнін
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 2 желтоқсан күні 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-тің алдын алу күніне орай мектептерде АИТВ (адамның иммундық тапшылығы вирусы) және ЖИТС (жүре пайда болған иммунитет тапшылық синдромы) тақырыптары бойынша сынып сағаттары өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы жалпы ақпарат беріліп, инфекцияның таралу жолдары, алдын алу шаралары және ауруға байланысты қоғамдық стереотиптерді жою мәселелері талқыланды. Оқушыларды ақпараттандыру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, интерактивті сұрақ-жауап форматындағы талқылаулар ұйымдастырылды.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі сенімді ақпар
ат беру, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру. Іс-шара соңында оқушыларға алдын алу шараларын еске салатын ақпараттық жадынамалар таратылды.
ат беру, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру. Іс-шара соңында оқушыларға алдын алу шараларын еске салатын ақпараттық жадынамалар таратылды.Бұл күн тек АИТВ/ЖИТС мәселелерімен күресу ғана емес, сонымен қатар қоғамда серіктестік пен қолдау көрсетудің маңызды екенін еске салатын маңызды күн болып табылады.