06
қараша
2024
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу
Түркістан облысы Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 18 қазан күні Жетісай АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі С. Джайлыбаевпен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында полиция полковнигі С. Джайлыбаев 9-11 сынып оқушыларына төмендегі тақырыптарда баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
1.Буллинг, кибербуллинг туралы
2.Спирттік ішімдік пен есірткі заттардың зияндығы туралы.
3.Лудомания туралы.
4.Интернет алаяқтық қылмыстар туралы.
5.Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық туралы.
ДТЖЖО-лары А.Сарыбаева, Б.Абдиев
