22
қазан
2024
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫ
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Түркістан облысы Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 2 қыркүйек күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Мектептің ішкі тәртіп ережелері және мектеп формасы туралы.
2. Балалардың өмір қауіпсіздігі.
3. Әртүрлі мәселелер
Қатысқандар:
1. Мектеп директоры Г.Сауырбаева
2. Ата-аналар комитетінің төрағасы Бекахметов Сұлтанахмет
3. ДТЖО-лары
4. Ата-аналар
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.Сауырбаева сөз алып, мектеп формасына қойылатын талаптарды және мектептің ішкі тәртіп ережелерін түсіндірді.
Екінші мәселе бойынша тәрбие орынбасарлары балалардың қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әртүрлі мәселелер бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы Бекахметов Сұлтанахмет сөз алып ата-аналарға мектеппен тығыз байланыста болып бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауға шақырды.
