10
қараша
2024
Сарыбаева Алмагул Садуакасовна Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Сарыбаева Алмагул Садуакасовна 1970 жылы 11 сәуір күні Өзбекстан Республикасы,Жыззақ облысы Мырзашөл ауданы, Ержар селосында өмірге келдім. Өзбекстан Республикасы Шыназ ауданына қарасты N39 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепті “Алтын белгі” белгісімен бітіріп, Өзбекстан Республикасы, Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтының “Математика және информатика” пәні мұғалімі мамандығын 1987-1992 жылдар аралығында күндізгі бөлімінде оқып, диплом алып шықтым. 1992-1996 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Жыззақ облысы Фарыш ауданына қарасты N50 О.Омаров атындағы жалпы орта мектебінде, 1996 жылдан бастап Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы “Абай атындағы N4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өз мамандығым негізінде жұмысқа орналастым. 2017 жылдан директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымы және математика пән мұғалімі қызметін атқарып келемін. Бүгінде III санатты басшы орынбасары және “ педагог-шебер” санатым бар. Отбасылымын.